Жарияланған күні: 16.03.2019 15:10
Өзгертілген күні: 26.03.2019 09:35

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Қазығұрт» өткізу пункті алдындағы жағдай туралы

 

Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пунктерінде автокөлік құралдарының жинақталуына байланысты штаттан тыс жағдайларға әрекет ету бойынша жағдайдың шұғыл мониторингін өткізуде.

Бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 12 наурызында «Қазығұрт» өткізу пунктінде қауырт жағдайдың болуы желі каналының себебінен болған және ҚР-нан шығу бағытында 180 бірлікке дейін автокөлік жинақталуы белгіленген.

Қауырт жағдайды шешу үшін қосымша шаралар қолданылды. Солай наурыздың 12-нен 13-не қараған түнде 170 автокөлік құралдарға дейін өткізу жүргізілген және жинақталу бойынша жағдай тұрақталды.

2019 жылғы 16 наурызындағы 12:00 сағатқа өткізу пунктінің алдында 70-ке жуық автокөлік құралы шығуды күтуде, бұл штаттық жағдай болып саналады.

Құқық қорғау органдарының ресми ақпараты бойынша автокөліктің жинақталу уақытында өткізу пункттін алдында қоғамдық тәртіптің бұзушылығы белгіленбеген.

Өткізу пунктерінің алдында тұрып қалудан болдырмау және тасымалдаушылармен оңтайлы маршрут таңдау үшін Түркістан облысы бойынша МКД өз ресми сайтында (trk.kgd.gov.kz) автокөліктердің жинақталуы туралы өзекті ақпаратты орналастырады.

Автокөліктердің жинақталуын болдырмау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігі және Түркістан облысы әкімдігімен бірігіп, өткізу пунктерінің жанынан сервистік қызметті көрсетумен тұрақтарды жайластыру және ұйымдастыру сұрақтарын пысықтауда.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)