Question: 
<p><strong>мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұра ма?</strong></p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

 Салық кодексінің 116-бабы 6-тармағына сәйкес салық төлеуші салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатылмайды.

Яғни, мемлекеттік кірістер органдары салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаларға шағым жасау фактісіне қарамастан, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға құқылы.