Date of publication: 04.05.2015 10:55
Date of changing: 19.02.2016 17:10

1.       Жария ету  мерзімі?

2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін

2.       Мүлікті кім жария ете алады?

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар

3.       Мүліктің жария етуін кім жүзеге асырады?

Мемлекеттік кірістер органдары және жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссиялар

4.       Қандай мүлікті әкімдіктерде, ал қандайды мемлекеттік кірістер органдарында жария етуге болады?

Азаматтар ҚР аумағында орналасқан және тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті әкімдіктер жанындағы комиссияларында жария ете алады. Ал мемлекеттік кірістер органдарына азаматтар ҚР аумағындағы сияқты одан тыс жерлерде орналасқан мынадай мүлікті: ақшаны, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардағы қатысу үлесін, жылжымайтын мүлікті жария етуге жүгінеді.

5.       Жария ету құжаттарын тапсыру және қарастыру мерзімі?

Әкімдіктер желісі бойынша: 2016 жылғы 30 қарашаға дейін, комиссияның қарау мерзімі күнтізбелік 30 күн.

Мемлекеттік кірістер органдары желісі бойынша: декларацияны тапсыру мерзімі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін  бес жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталады, декларацияны қарау мерзімі - 5 жұмыс күн.

6.       Қандай жағдайда мүлікті жария еткені үшін 10% алым төленеді?

Шетелде орналасқан мүлікті (ақшадан басқа) жария еткен кезде, сондай-ақ ақшаны мүлікті жария ету мақсаты үшін ашылған жеке ағымды жеке банк шотына салмай жария еткен кезде.

7.       Мүлікті жария ету туралы декларация қайда тапсырылады?

Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына.

8.       Субъект қосымша декларацияны тапсыруға құқылы ма?

Заңмен кезекті не қосымша декларация қарастырылмаған, алайда жария ету субъектісі декларацияны тапсыру санына шектелмеген.

9.       Сенімді тұлғаға декларацияны тапсыруға бола ма?

Болады.

10.  Мүліктің жария етуін өткізу процесінде алынған ақпараттардың құпиялылығы қамтамасыз етіле ме? 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес мүліктің жария етуін өткізу процесінде алынған ақпараттардың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен кепілдік беріледі. Мүлікті жария ету туралы ақпаратты және мәліметті үшінші тұлғаға жария еткені үшін адамдардың қылмыстық жауаптылығы қарастырылған.

11.  Шоттағы жария етілетін ақшаны сақтау мерзімі қандай?

Шоттағы ақшаны жария еткен кезде оны сақтау мерзімі бүгінгі күні Заңмен реттелмеген. Осыған байланысты, жария ету субъектісі жария етілген ақшаны кез келген уақытта өзінің қалауы бойынша билік етуге құқылы.

12.  Мүлікті жария еткені үшін алымның мөлшері қандай?

Алымның мөлшері Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жария етілетін ақша сомасынан немесе мүліктің құнынан 10% құрайды. Бұл ретте жария ету субъектісі мүліктің құнын өзі анықтайды.

13.  Қай күннен бастап мүлік жария етілді деп саналады?

Әкімдіктер жанындағы комиссиялары арқылы мүлікті жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілген болып саналады.. Мемлекеттік кірістер органдары арқылы жария етілген мүліктер, егер де жария ету субъектісі арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдаудан жазбаша бас тартпаса, онда мұндай ақша және мүлік те жария етілді деп саналады.

14.  Жария етілген мүлікті  ресімдеумен байланысты шығыстарды кім көтереді?

Мұндай шығыстарды жария ету субъектісі дербес көтереді.

15.  Сотта өз құқығын даулап жатқан мүлік жария етуге жата ма?

Ондай мүлік жария етуге жатпайды.

16.  Несие түрінде алынған ақшаны мен жария ете алам ба?

Ондай ақшалар жария етуге жатпайды.

17.  Егер жыдың соңына дейін үй салынып бітсе, акцияның соңына дейін біз оны  жария етіп үлгереміз бе?

Жария ету субъектісіне тиесілі немесе 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін, яғни жария ету акциясы басталғанға дейін алынған мүлік жария етуге жатады.

18.  Комиссияның, мемлекеттік кірістер органының шешімдерімен, сондай-ақ мүлiктiң жария етуін өткізу кезіндегі өзге де әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келіспеген жағдайда, шағым жасау тәртібі қандай?

Адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

19.  Банк шотына салынған (аударылған) жария етілген ақшаның сақталуына қандай кепілдік бар?

Сақтау депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген.

20.  Егер мен ақшаны жария етсем, онда оларға табыс салығы салынады ма?

Жоқ, өйткені, ақшаны қоса алғанда, жария етілген мүлік жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.

21.  Мен жер учаскесін жария ете алам ба?

Жер учаскесі жария етуге жататын мүліктер тізбесіне кірмейді.

22.  Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету кезінде алым төлене ме?

Жоқ.

23.  2015 жылдың желтоқсанына дейін  ескі Заңның ережелері бойынша жария ету кезінде жария ету үшін төленген алым қайтарылуға жата ма?

Иә, мұндай алым жария ету субъектісінің  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну негізінде қайтаруға жатады.

24.  ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша алым сомасы қайтаруға жата ма?

Мұндай алым, мемлекеттік кірістер органдары осындай мүлікті жария етуден бас тартқан жағдайда ғана, қайтаруға жатады.

25.  Егер мен қазір ҚР (немесе шетелдегі) мүліктің нақты құнын көрсетсем, ертең ол салық салу базасының құны болып саналмай ма?

Жоқ. Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында салық салу мақсатында мүліктің құнын тиісті уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте мүліктің құны тікелей  мүлікті жасау үшін кеткен  материалдарға, осы мүліктің орналасқан жеріне, салынған жылына және т.б тәуелді.  Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүліктер болса, ҚР аумағындағы мүлікке салық салу объектісі болып табылмайды.

26.  Бүгінгі таңда мүлікті жария ету неге соншалықты маңызды?

Кірістер мен шығыстарды жалпыға ортақ декларациялау алдында мүлікті жария ету мәселесі өте өзекті болып тұр. Қазір мемлекет бұрын салық салудан жалтарған және заңсыз экономикалық айналымнан шығарылған мүлікті жария етудің бірегей мүмкіндігін беріп тұр. Заңда жария етілген қаражаттарға салық салынбайтыны, акцияның қорытындысы бойынша жария ету субъектілеріне ешқандай әкімшілік және қылмыстық қудалау болмайтыны туралы кепілдіктер нақты жазылған.  

27.  Мүлікті жария етпегендерге қатысты қандай шаралар қолданылатын болады?

Азаматтар өздерінің мүлкін жария ету туралы шешімін өздері қабылдайды. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан кез келген мүлікті декларациялау бойынша норма енгізілуде. Декларациялаудан өз мүлкін жасырған азаматтарға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатын болады. Ондай мүлік және ақша басқа елдермен өзара алмасу шеңберінде айқындалатын болады.  

28.  Жария ету бойынша декларацияны электрондық түрде тапсыруға бола ма?

ЭЦҚ тұрақты негізіне тапсырылатын салықтық есептерінің нысандары үшін қарастырылған. Жария ету акциясы бірреттік акция болғандықтан, ол бойынша ЭЦҚ қарастырылмаған.   

29.  Мемлекет тарапынан  жария ету субъектілеріне қосымша қандай кепілдіктер беріледі?

1. Банктік және салық заңнамаларына жария етілген мүлік туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуға тайым салу туралы нормаларын енгізуді. 2.Жария ету барысында алынған ақпаратты қылмыстық іс бойынша дәлелдер ретінде пайдалану мүмкіндігін болдырмауды. 3. Жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салу туралы нормаларды енгізумен қатар жария ету субъектілерін қосымша қорғау бөлігінде қылмыстық заңнама нормаларын нақтылауды және қатаңдатуды.

30.  Егер жария ету субъектісі бұрын жауапкершілікке тартылған болса,  ол жария ету бойынша декларацияны тапсыруға құқылы ма?

Осы Заңның күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге заңды күшіне енген, орындалмаған:

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң осы тармақшада көрсетілген баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда олар кінәлі деп танылған соттың үкімі;

2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3,
155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1,
206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1 - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы бар тұлғаларға қолданылмайды.

31.  Дукларацияланатын жария ету объектісі салықтық қоса есептеулер және айыппұл санкциялары үшін негіз бола ала ма? 

Жоқ бола алмайды.

32.  Жария ету объектілері сотқа дейінгі тергеу шеңберінде пайдаланылуы мүмкін бе?

Пайдаланылуы мүмкін емес.

33.  Мемлекеттік кірістер органдары декларацияны ұсынғанан кейін бес жұмыс күні өткен соң қайтадан ашылған мән-жайларды анықтаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары декларацияны қайтару және жария ету туралы өздерінің шешімдерін өзгерту туралы шешім қабылдай ала ма?  

Жоқ.

34.  Мемлекеттік кірістер органдары декларациядан басқа  жария ету объектісінің сапалық және сандық сипаттамалары туралы растау құжаттарын талап етуге құқылы ма?

Жоқ, декларацияға қоса берілетін құжаттардың тізбесі қатаң Заңмен регламенттелген.