Question: 
<p><strong>Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеушінің орындау міндеттемесі шағым беру кезеңінде талап қоюдың ескіру мерзімі аяқталған кезде тоқтатылады ма?</strong></p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

 Салық кодексінің 48-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.

Яғни, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым беру кезеңіне шағым беру мерзімін ұзартуды ескере отырып, мұндай хабарламаны орындау міндеттемесі тоқтатылмайды.