Date of publication: 26.02.2016 11:34
Date of changing: 28.06.2019 16:43

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17992 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр

Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы14 желтоқсандағы
№ 1082 бұйрығымен
бекітілген

       

 Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 29.05.2019 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.