Question: 
<p><strong>Мемлекеттік кірістер органдары қандай негізде сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз береді?</strong></p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

 Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағында мемлекеттік кірістер органының мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап ету құқығын іске асырылу мүмкіндігі белгіленген, өйткені тиісті талапты қанағаттандыру салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кірістер органдарының Салық кодексінің 18-бабында айқындалған міндеттерді орындауға бағытталған.

Сонымен қатар, Нормативті қаулының көрсетілген тармағында мәміленің жарамсыздығы туралы тиісті активтердің, ғимараттардың, көлік құралдарының, материалдық және еңбек ресурстарының болмауына орай салық төлеушінің операцияларды нақты жүзеге асыруының мүмкін еместігі туралы; есепке алынған операциялардың экономикалық мағынасы жоқтығы туралы дәлелдемелермен расталған мемлекеттік кірістер органдарының дәлелдері де куәландыра алатындығы белгіленген.