Жарияланған күні: 24.04.2019 10:41
Өзгертілген күні: 24.04.2019 19:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Жібек жолы» және «Қапланбек» өткізу пункттеріндегі жағдай туралы

 

2019 жылғы 22 сәуірде facebook.com әлеуметтік желісінде «Қапланбек» өткізу пунктінде жаңбыр астында су болып тұрған адамдар кезегінің пайда болуы жарияланды.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттер «Жібек жолы» мен «Қапланбек» екі өткізу пунктінде шекаралық бақылау аймағында орын алған.

Көрсетілген өткізу пункттердің кедендік бақылау аймағында жасыл және қызыл дәліздер бар және жолаушылардың өздері тиісті дәлізді таңдайды.

Жеке тұлғалар жасыл дәліз арқылы өткен кезінде кедендік декларациялау жүргізілмейді және өткізу тоқтаусыз негізде жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде «Қапланбек» өткізу пунктінде шекараны кесіп өтетін жолаушыларды тасымалдайтын бірнеше автобустың бір мезгілде келуіне байланысты жеке тұлғалардың жиналып қалуы орын алды.

Өткізу пунктіндегі кептелістер кейде таңертең сағат 9.00-ден 10.00 аралығында, кешке сағат 18.00-ден 19.00 аралығында туындайды. Бұл Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына келуімен және кетуімен байланысты. Тәуліктің басқа уақытында кептелістер байқалмайды.

Күн сайын «Жібек жолы» өткізу пунктінен екі бағытқа да шамамен 20-25 мың адам, «Қапланбек» өткізу пунктінен шамамен 8-12 мың адам өтеді.

Кедендік бақылау ішінара жүргізілетінін ескеру қажет, ол тек кедендік бақылаудың техникалық құралдарында тәуекелдер орын алған жағдайда жүргізіледі.

Аталған өткізу пункттерінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 259 тұлға кедендік тексеру мен қараудан өтті. 17 жағдайда бұзушылықтар белгіленіп, оның ішінде 15 әкімшілік, 2 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.

Жүктемені азайту, өткізу пунктінде адамдардың бақылаудан өткізуде қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерін жаңғырту бойынша бағдарлама әзірледі, жолаушылардың және олардың багаждарын ресімдеудің технологиялық схемасын қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жоғарыда айтылған шаралар өткізу пунктінің өткізу мүмкіндігін ұлғайтуға, шекарада адамдар «кептелісін» жоюға мүмкіндік береді.

Осы жылы қазақстан-өзбек шекарасында «Б. Қонысбаев» атындағы кеден бекетін қайта құру басталды, нәтижесінде аумағы 3,6 га-дан 6 га-ға дейін кеңейетін болады, қозғалыс жолақтары 2-ден 8-ге дейін ұлғайтылып, тәулігіне 150-ден 800-ге дейін жүк автокөлік құралдарын өткізуге мүмкіндік болады.

Жаңғырту бағдарламасы 9 автомобиль өткізу пункттерінде басталғанын атап айту керек.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)