Сұрақ: 

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық іскерлік операцияларға не жатады және қандай мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылады? 

Жауап: 

Заңның 2-бабының 31-тармағына сәйкес халықаралық іскерлік операциялар - тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері.

Заңның 3-бабының 1-тармағымен трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау халықаралық іскер операциялар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелер бойынша:

тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;

салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен;

мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылатыны белгіленген.