Сұрақ: 

«Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 Қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтанан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге 0,65% мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі белгіленген. Ішкі нарыққа өткізген кезде және өз мұқтаждарына пайдаланған жағдайда 0,65% белгіленген мөлшерлемеге 0,5 төмендету коэффициенті қолданыла ма? 

Жауап: 

Салық кодексінің 307-бабының 7-тармағына сәйкес кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген ПҚӨС бөлігінде салық салу тәртібінде қандай да бір төмендету коэффициенттерін қолдану көзделмеген.