Жарияланған күні: 03.02.2015 11:28
Өзгертілген күні: 03.08.2018 10:58

Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция (бұдан әрі – Страсбург конвенциясы) Еуропа Кеңесі және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен 1988 жылғы 25 қаңтарда Страсбург қаласында жасалды және Страсбург конвенциясына қатысушы-мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар Страсбург конвенциясы салықтардың барлық түрлері бойынша және қатысушы мемлекеттердің салық төлеушілеріне қатысты кез келген ақпаратпен өзара алмасуға мүмкіндік береді.

Одан басқа Страсбург конвенциясы әр мүдделі мемлекет аумағында бір мезгілде салықтық тексеру жүргізу үшін құқықтық негіз болып табылады. Қажеттілік туындаған жағдайда Қазақстан салық қызметінің өкілдері Конвенцияға қатысушы-мемлекетте жүргізілетін салықтық тексерулерге қатыса алады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қол қоюы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1268 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Страсбург конвенциясына қосылды.

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенциясы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V Заңына сәйкес ратификацияланған.

 

Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм

Салық саласында ынтымақтастықты қамтамасыз етудің бір құралы болып Салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмдер табылады. Қазіргі таңда осындай бес Келісім қолданылады, олардың ішінде екеуі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Белоруссия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салаларда ықпалдастықты тереңдету туралы шарт шеңберінде жасалған көпжақты болып табылады, үшеуі екі жақты негізде тиісінше Әзірбайжан Республикасымен, Беларусь Республикасымен және Ресей Федерациясымен жасалған.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметінiң арасындағы салық заңдарын сақтаудың мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм (Алматы қ., 1997 жылғы 10 маусым)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Беларусь Республикасының Үкіметi арасындағы салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм (Минск қ., 2000 жылғы 22 мамыр)

 

Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметi арасындағы салық заңдарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм (Минск қ., 1998 жылғы 30 қыркүйек)

 

Беларусь Республикасының Мемлекеттік салық комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік салық қызметі арасындағы салық заңдарын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім (Бішкек қ., 1998 жылғы 25 наурыз)

 

Салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы келісімдер

Салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы келісімдер салық мәселелеріне қатысты ақпаратпен алмасу арқылы ынтымақтастық үшін құқықтық негізді қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық шарттардың өзге түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта үш Салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы келісім қолданылады.

 

Казақстан Республикасының Каржы министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы келісім (Астана қ., 2012 жылғы 4 мамыр)

 

Салық салу мәселелері жөніндегі ақпараттармен алмасу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Литва Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясы арасындағы келісім (Астана қ., 2011 жылғы 12 желтоқсан)

 

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім (Алматы қ., 2002 жылғы 25 қаңтар)

 

Салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум

Өзге қалықаралық шарттардан басқа қазіргі таңда Италия Республикасының Экономика және қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасындағы салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу және ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум қолданылып жатыр. Осы Меморандум Италия Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосраланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның 25 бабының негізінде жасалған және Италия Республикасы мен Қазақстан Республикасы салық қызметтерінің арасындағы ақпарат алмасудың тәртібін айқындайды. 

 

Америка Құрама Штаттарының және Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының өзара келісімі

Құзыретті органдардың өзара келісімі

 

 

Құзыретті органдардың қаржылық шоттар туралы ақпаратпен

автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісімі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, 2018 жылдың 26 маусымында Құзыретті органдардың қаржылық шоттар туралы ақпаратпен автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (одан әрі - Көпжақты келісім) қол қойылды.

Көпжақты келісім Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы Конвенцияның 6 бабына негізделеді және ақпаратпен автоматты түрде алмасудың бірыңғай стандартының енгізілуін көздейді.