Жарияланған күні: 24.04.2019 18:32
Өзгертілген күні: 24.04.2019 18:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбына семинар өткізілді

 

2019 жылдың 22-24 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғаудың саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Іс-шараны модератор ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов атқарды. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытынан контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы  жауапты  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Жанат Амантаевич Нурмагамбетов - «Болотов и партнеры» ЖШС аға заңгері қатысты.

Қатысушылар зияткерлік меншік институтымен, авторлық құқық объектілерімен, өнеркәсіптік меншік обьектілерімен,  тауар белгісі ұғымымен, тауар белгісіне құқықтың туындауы және түгесілеуімен, зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың кедендік шараларымен, контрафактілік және түпнұсқалық тауарларын сәйкестендіру үшін әдістемемен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)