Жарияланған күні: 25.08.2023 11:26
Өзгертілген күні: 25.08.2023 11:28

      Барлығы 2022 жылдан бері Қазақстанда 8384 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға «мейрамхана бизнесі» қызметімен айналысатынын көрсетіп, кәсіпкерлігін тіркеген.

      Толығырақ тарқатсақ...

      2022 жылы 5051 салық төлеуші тіркелген:

  • 719 заңды тұлға ретінде;
  • 4332 жеке кәсіпкер ретінде.

       2023 жылдың 7 айында 3333 салық төлеуші тіркелген:

  • 543 заңды тұлға ретінде;
  • 2790 жеке кәсіпкер ретінде.

      Осы салада тіркелгендендің саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Алматы қаласында - 521 заңды тұлға тіркелсе, Астана қаласында - 1436 жеке кәсіпкер тіркелген.

      Бюджетке қоғамдық тамақтану қызметінен түскен салықтар
2023 жылдың 7 айында – 66,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,6 млрд.теңгеге артық түскен. 2022 жылдың
7 айында ел қазынасына 42,1 млрд. теңге салықтар түскен болатын.