Жарияланған күні: 31.01.2022 13:03
Өзгертілген күні: 01.02.2022 12:41

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін шегі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 000-нан 20 000-ға еселеген мөлшеріне дейін төмендетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.

2022 жылы АЕК 3 063 теңге мөлшерінде белгіленген, демек, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең аз айналым – 61 260 000 теңгені құрайды. Бұған дейін, 2021 жылы 30 000 АЕК, тиісінше –  87 510 000 теңгені құраған.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды уақытылы жүзеге асыруға шақырады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін айналымның шегің ұлғайтуға мүмкіндік берілген.

Ол үшін үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдану қажет.

 

Кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың қандай артықшылығы бар?

2022 жылы ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі айналым 20 000 еселенген АЕК мөлшерін құрайды, яғни 61 260 000 теңге.

Бұл ретте қолма-қол ақшасыз жолмен алынған айналымдарға (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысуларға) қатысты ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қосылған құн салығы бойынша шек 124 184 АЕК-ке дейін, яғни 380 375 592-ге дейін көтерілді.

Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.

 

ҮИЖ қолдану үшін не қажет?

Бірінші, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына https://kgd.gov.kz/kk/content/ush-kuramdasty-integraciyalangan-zhuyelerdin-biryngay-tizilimi-1 сілтеме бойынша кіріп,ҮИЖ моделін таңдау қажет.

Екінші, ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен хабарласу.

Үшінші ,  салық төлеушінің кабинетіне кіріп, тиісті өтінішті толтырып, мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ-ін тіркеу тіркеу.