Жарияланған күні: 30.12.2021 16:13
Өзгертілген күні: 30.12.2021 16:07

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын

және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

бұйрық жобасына пресс-релиз

 

        «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1- бабының 1-тармағына сәйкес (01.01.2022 ж.бастап қолданысқа енгізіледі) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірленді.

        Бұйрық жобасы конкурс қорытындысы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау тәртібін белгілейді.

        Қазіргі уақытта Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13881120).

        Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін.