Жарияланған күні: 05.04.2022 18:36
Өзгертілген күні: 05.04.2022 18:37

 

Қапшағай қаласында заңсыз ойын бизнесін анықтау

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 29.03.2022 жылдан бастап көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасауға және заңсыз ойын бизнесі қызметінің жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Қапшағай қаласы аумағындағы казинолардың бірінде ресми тіркелген объектілерден басқа, 50 жасырын жұмыс істейтін ойын автоматтары анықталды. Бұл ойын автоматтары Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз 4 ай бойы жұмыс істеді. Аталған кезеңде 50 ойын автоматы бойынша төленбеген салық сомасы 36,3 млн.теңгені құрайды.

Казиноға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, оны қарау қорытындысы бойынша жасырылған салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл салынды, 72,6 млн.теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта барлық ойын автоматтары тіркеу есебіне қойылған және барлық тіркелген салық салу объектілері бойынша осы Казино қызметінен бюджетке ай сайын 182,5 млн.теңгені түсуі құрайды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осындай тексеру шаралары тұрақты негізде жалғасатынын хабарлайды, осыған байланысты салық төлеушілерді салық заңнамасының нормаларын сақтауға шақырады.