Жарияланған күні: 19.05.2022 11:10
Өзгертілген күні: 21.05.2022 12:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) келесіні хабарлайды.

2022 жылғы 19 мамыр сағат 20:00-ден 2022 жылғы 19 мамыр сағат 21:00-ге дейінгі кезеңде «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» (МКК ИШ), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы» (МКК порталы), «Бірыңғай деректер қоймасы»  (БДҚ), «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері» (СЕӨС), «Акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылау» (Акциз), «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кеден құрауышы» (АСТАНА-1), «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» (е-Терезе) ақпараттық жүйелерінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Осыған байланысты жоғарыда аталған кезеңде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелері қолжетімді болмайды.