Жарияланған күні: 01.03.2024 15:17
Өзгертілген күні: 01.03.2024 15:25

       2024 жылғы 27 - 29 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Цифрландыру департаментінің Өтпелі мониторинг басқармасымен бірлесіп «Евразиялық Үкіметаралық Кеңестің  2022 жылғы 21 маусымдағы №11 өкімін іске асыру шеңберінде қадағалау паспортын қолдану» тақырыбына  Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, халықаралық шарттармен айқындалған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу.

     Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Дәріскер ретінде: Сакауов Сагадат Коныс-Терекович – Цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

     Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша тестілеу білімі өткізілді, 128 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.