Жарияланған күні: 03.04.2024 21:19
Өзгертілген күні: 04.04.2024 11:20
Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесіндегі техникалық проблемаларға байланысты электрондық шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды жазып беру 2024 жылғы 3 сәуірде сағат 00:00-ден 11:50-ге дейін уақытша қолжетімсіз болғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы) сәйкес шот-фактураларды жазып беру және "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің қолжетімсіздік кезеңінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімдеу мүмкін еместігі туралы хабардар етеміз.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер "ЭШФ" АЖ-да:

- 2024 жылғы 3 сәуірден кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасымалда жазып берілген шот-фактура;

- 2024 жылғы 3 сәуірден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалда ресімделген тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.