Жарияланған күні: 18.09.2018 13:18
Өзгертілген күні: 18.09.2018 17:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Электрондық декларациялау:  «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушыларының пікірі        

 

            Биыл енгізілген электрондық декларациялауға қатысты мемлекеттік кірістер органдары жүргізген ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар аясында, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік ресімдеу орталығында АЭА резиденттерінің, сонымен қатар «Астана – жаңа қала» АЭА субъектілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдардың мүдделерін білдіретін, Қазақстан Республикасы Арнайы экономикалық аймағы қатысушыларының ассоциациясы «SezUnion» басшылығы қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

             Электрондық декларациялау жүйесін енгізгеннен уақыттан, «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағы резиденттерінің аталған жобаның тікелей қатысушыларының нақты пікірін тыңдау үшін, біршама уақыт өтті.

            Астаналық бизнес-қауымдастықтың ірі және белсенді өкілдеріне жататын АЭА қатысушылары, «АСТАНА-1» АҚ электрондық кедендік декларациялаудың артықшылықтарын атап өтті: тауарларды кедендік тазартудың уақыты едәуір азайды, қағазды бюрократия жойылды, КРО-на келмей, кедендік декларацияларды тіркеуді және шығаруды кез келген уақытта жүргізуге болады, кеден органдары лауазымдық тұлғаларымен нақты байланыс болмайды. Соңғылары «дөңгелек үстел» қатысушыларына, бұрын (электрондық декларациялау енгізгенге дейін) аталған фактор лауазымдық тұлға жағынан да, СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдері жағынан да жемқорлық құқық бұзушылықтың болу алғышарттары мүмкіндігін атап өтті.

            Сонымен бірге, электрондық декларациялау сұрақтарын талқылаудан басқа, АЭА-на кіретін, Индустриалды парк аумағында қызметті жүзеге асыратын «дөңгелек үстел» қатысушылары, олардың қызметінде кедендік ресімдеудегі қайта өңдеу, дайын өнімдерді шығару, сонымен қатар ол үшін есеп беру кезінде туындайтын мәселелі сұрақтарды талқылады. Сонымен, барлық қойылған сұрақтарға АЭА қатысушыларына қажетті түсініктеме берілді.

            «Дөңгелек үстел» аяқталғанда АЭА қатысушылары ассоциациясы «SezUnion» басшылығы өткізілген іс-шаранының мазмұны және қортындысын оң бағалады, ынтымақтастықтың маңыздылығы және жалғастыру қажеттілігі туралы ойын білдірді және АЭА резиденттері үшін түсіндірме сипаттағы семинарлар жүргізу туралы ұсыныс білдірді, бұл ұсынысты «дөңгелек үстел» ұйымдастырушылары қабылдады.

           

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)