Жарияланған күні: 07.04.2022 08:43
Өзгертілген күні: 07.04.2022 08:50

2022 жылғы 4 сәуірде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) диагностикалық миссиясының ашылу сессиясы өтті.

Сессияны ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Кәрімұлы Жұмағұлов, ДКҰ өкілдері Морис Адэфалоу, Горан Богатиновски және эсер Ченгел құттықтау сөздерімен ашты.

Кездесу барысында миссияның мақсаттары мен рәсімдері талқыланды. Сарапшылар ДКҰ-ның зияткерлік меншік саласындағы жаңа стратегиясына, сондай-ақ жаңа құралдарға шолу жасады.

Қазақстандық тараптан Қазақстанда және қазақстандық кеденде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау саласындағы жалпы жағдай туралы ҚР ҚМ МКК БД кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы Мырзағали Болат баяндама жасады.

Тараптар жемісті жұмыс жүргізіп, миссияның мақсатын іске асыру үшін диалогты жалғастыруға ниет білдірді, ол ұлттық деңгейде қолданылатын түрлі құралдардың жай-күйі туралы қорытынды есепті құрастырудан тұрады.

ДКҰ диагностикалық миссиясы 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Миссия зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі ҚР ҚМ МКК және басқа да мемлекеттік органдардың жоғары басшы құрамды, директорлары және негізгі қызметкерлерін, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, құқық иеленушілері мен өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптармен бірқатар кездесулерді қамтитын болады.