Жарияланған күні: 25.07.2022 19:27
Өзгертілген күні: 26.07.2022 16:48

      2022 жылғы 21 шілдеде, «Налоги Казахстана» ЗТБ Қауымдастығының ұйымдастыруымен және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен  Нұр-Сұлтан қаласында дөңгелек үстел өтті.

     Шара ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары А.С. Панбаевтың және «Налоги Казахстана» ЗТБ Қауымдастығының төрағасы Е.Н. Кимнің төрағалығымен өтті.

     Бизнес-қауымдастық өкілдері мен қоғамдық пікірдің көшбасшылары салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша және салық сарапшыларымен жұмыс топтарын құру туралы ұсыныстарын жеткізді.

      ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері бизнес-қауымдастықтың ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін және мемлекеттік кірістер органдарының алдағы 3 жылға арналған даму стратегиясын әзірлеуде ескеретінін білдірді.

      «Налоги Казахстана» ЗТБ Қауымдастығының ұйымдастыруымен және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен өткен дөңгелек үстел республика аумағындағы ең үздік мемлекеттік кірістер басқармаларын марапаттау рәсімімен жалғасты.

      Әр түрлі номинациядағы үздіктер бизнес-қауымдастықтың «жасырын тұтынушы» тәсілімен таңдалған.

      ҚР Қаржы Вице-министрі Е.Е.Біржанов, ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары А.С.Панбаев және «Учет.кз» компаниялар тобының негізін қалаушы М.А. Барышев жеңімпаздарға дипломдарды табыстады.

       Жеңімпаздарды құттықтаймыз!