Жарияланған күні: 27.02.2024 19:08
Өзгертілген күні: 27.02.2024 19:10

      Азат Тоқтарбекұлы Исенов Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

       Азат Исенов 1979 жылы туылды. Білімі бойынша – қаржыгер, заңгер. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді.

      Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл. Салық жүйесінде еңбек қызметін 2000 жылы бастады. Қатардағы салық инспекторынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына дейін еңбек жолын өтті.

     2022 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.