Жарияланған күні: 17.09.2018 17:13
Өзгертілген күні: 24.09.2018 15:16

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«САЛЫҚ ДАУЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы (ҚСТҚ) бірлесіп, 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласында «Салықтық даулары: тәжірибесі және жетілдіру жолдары» тақырыбында конференция өткізілді.

Конференция жұмыстарына қатысқандар ҚСТҚ басқарушы кеңесінің төрағасы – Ертлесова Ж.Д., ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі – Даленов Р.Е., Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы – Тенгебаев А.М., ҚР Қаржы министрлігінің Апелляциялық департаментінің директоры – Миятов К.И., қалалық, облыстық соттардың судьялары, Мемлекеттік кірістер жөніндегі өңірлік дщепартаменттердің өкілдері, өзге мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысты. Жалпы конференцияға 300-ден аса адам қатысты.

Конференция барысында ең өзекті тақырыптары:

· Салық даулары аясында қарастырылатын заңнаманы қолдануға қатысты мәселелік сұрақтар, оның ішінде трансферттік баға құрылымы туралы заңнама сұрақтары;

·Салық салу және кедендік реттеу сұрақтарына қатысты Апелляциялық комиссия жұмысы туралы;

·Салық төлеушілердің және мемлекеттік кірістер органдарының өтініштері бойынша сот дауларын талдау;

·Апелляциялық комиссияға және сотқа шағымдану кезіндегі мәселелік аспектілер.

Аталмыш конференция салық дауларына қатысты салық заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулерді талқылау және ұсыныстарды әзірлеу секілді салық дауларын талқылау мақсатында Жоғары Сот және мемлекеттік кірістер органдарымен бірге біріккен іс-шараларды жүргізу тәжірибесін жалғастыру жоспарланып, салық соттарына қатысты мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің диалогына арналған алғашқы алаңға айналды. Конференция қорытындылары бойынша салық заңнамасын әртүрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)