Сұрақ:
<p>Қандай жағдайда уақытша кедендік декларация тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы беріледі.</p>
Жауап:
Уақытша кедендік декларациялау мынадай:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;
2) тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.