Жеңілдік берілген кезде салық салынатын айналым қай салық кезеңінде түзетіледі?
Сатылған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге жеңілдік ұсынылған кезде, осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші Салық кодексінің 383-бабына сәйкес айналым мөлшерін түзетеді және жеңілдік ұсынған салық кезеңінде Салық кодексінің 420-бапта көзделген тәртіппен қосымша шот-фактураны ұсынады.