Сұрақ: 
<p>&nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp;ЖК (ҚҚС төлеуші емес), импортталған тауарларды өткізген жағдайда, алып тастау тізіміне еңбеген, жеке және заңды тұлғаға, онлайн кассалық апартаттан фискалдық чекті ұсына отырып,&nbsp; электрондық шот-фактураны жазып беруге міндетті ма?</p> <p>&nbsp;</p>
Жауап: 

2019 жылдың 1 қаңтарынаң бастап жеке тұлға (ҚҚС төлеуші емес) импортталған тауарларды өткізген жағдайда электрондық шот-фактураны жазып беруге міндетті.

Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағына сәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

 1) есеп айырысулары:

 сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген.

Бұл ретте, тауар алушы (жеке немесе заңды тұлға) шот-фактураны жазып беруді талап етсе, өнім берушi (ЖК ҚҚС төлеуші емес)  бұл талапты Салық кодексінің 412-бабының 14-тармағына сәйкес жазып беруге  мiндеттi.