Question: 
<p>2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеруге үш жылға мораторий енгізілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қалай анықтауға болады?</p>
Answer: 

Кәсіпкерлік кодексінің 24 бабының 3 тармағына сәйкес заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.      Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.