Question: 
<p><strong><em>Пәтерді мұрагерлеу және оны бір жылдан аз уақыт ішінде сату кезінде құнның өсу салығы қалай есептеледі?</em></strong></p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 
Құнның өсуінен түсетін табыс - бұл мүліктің сатылу бағасы (құны) мен мүлікке меншік құқығы күніне сатылатын мүліктің нарықтық құны арасындағы 10% мөлшерінде салық салынатын оң айырмасынан есептеледі.

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік сатылған салық кезеңі үшін (есепті салық кезеңінен кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей) жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей анықтауы керек.