Date of publication: 25.04.2019 23:16
Date of changing: 26.04.2019 00:15

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының салық әкімшіліктері ынтымақтастығының бірінші форумы

 

          2019 жылғы сәуірдің 18-20 аралығында Учжень қаласында (Қытай Халық Республикасы, Чжэцзянь провинциясы) «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде салық әкімшіліктері ынтымақтастықтың Бірінші форумы өтті.  

          Аталған Форум 85 елден салық әкімшілігінің 300-ден астам өкілдерінің, 16 халықаралық және өңірлік ұйымдарының, сондай-ақ бизнес қоғамдастығы мен ғылыми салалары өкілдерінің үлкен назарын аударды.

          Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев басқарды.

          Форум өз жұмысын пленарлық сессиядан бастады, онда қатысушыларға құттықтау сөзбен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің комиссары Ван Цзюнь, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев, халықаралық ұйымдарының және ғылыми институттарының басшылары сөз сөйледі.

          Жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, Марат Сұлтанғазиев аталған іс-шара барынша қолайлы салық ортасын құру бойынша қажетті шешімдерді әзірлеуге жол беретіндігіне және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы елдерінің салық әкімшілігінде ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететіндігіне сенімділікті білдірді. 

           Пленарлық сессияның қорытындысы бойынша салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастық тетігін құру туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті, ол ынтымақтасу бастамасын толық ауқымды іске асырудың бастапқы нүктесіне айналады.

          Пленарлық сессиясының жұмысы аяқталғаннан кейін Форумның жұмысы мынадай: салық әкімшілігінің әлеуетін арттыру, заңның ұлықтылығы, салықтық анықтылық деңгейін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру және салық әкімшілігін сандық жүйеге көшіру тақырыптарына арналған тақырыптық сессиялар алаңында жалғасын тапты.

          «Салық әкімшілігінің әлеуетін арттыру» пленарлық сессиясы барысында ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) «Бір белдеу, бір жол» бастамасының орысша сөйлейтін елдер үшін Өңірлік салық орталығын көрсеткен болатын.

          Ермек Қожабергенов Нұр-Сұлтан қаласында Өңірлік салық орталығын құрудың мақсаты «Бір белдеу, бір жол» бастамасының салық, кеден, көліктік-логистикалық және гуманитарлық бағыттар саласында ынтымақтасу, тәжірибе алмасу үшін қолайлы орта қалыптастыру болып табылатындығын атап өтті.

         Жаңа орталық ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының базасында құрылатын болады.

         ҚР ҚМ МКК Резидент еместерге салық салу басқармасының басшысы Айдар Нұрпейісов «Салық заңнамасын жетілдіру және салық әкімшілігін сандық жүйеге көшіру» сессиясында сөз сөйледі.

         Айдар Нұрпейісов сөз сөйлеуінде Форумға қатысушыларына тиімді салықтық әкімшілендіру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қолданатын бейімделген сандық платформаларын ұсынды.

         Форумның алаңында Марат Сұтанғазиевтің ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің комиссарымен, Украинадағы, Тәжікстандағы, БАӘ-дегі, Непалдағы әріптермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті.   

             Сенімгерлік атмосферада өткен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің комиссарымен кездесу барысында ынтымақтастықтың құрылған тетігін бұдан әрі дамытудың перспективалары талқыланған болатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың аса өзекті аспектілері бойынша пікірлермен алмасу өтті.  

             Украинаның фискалдық қызметінің делегациямен өткен кездесудің барысында құжаттарға қол қойылған болатын, оларды бұдан әрі іске асыру елдер арасында сауда-экономикалық қатынастарын бұдан әрі жеңілдетуге және нәтижесінде өзара сауда айналымының өсуіне ықпал ететін болады:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Украинаның Мемлекеттік фискалдық қызметі арасында кеден және салық салаларында ынтымақтасу туралы хаттама;

- Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Украинаның Мемлекеттік фискалдық қызметі арасындағы Келісімі.

 

ЭЫДҰ генералдық хатшысының орынбасары Людгер Шукнехтпен халықаралық салық салу мәселелері бойынша Қазақстан мен ЭЫДҰ өзара әрекеттесу мәселелері, оның ішінде BEPS жобасының инклюзивті шеңберінде Қазақстанның қатысуы, BEPS стандарттарының талаптарын жүзеге асыру бойынша жол картасын құру, мөлдірлігі мен ақпарат алмасу және қаржылық ақпаратпен автоматты алмасу бойынша Жаһандық форумға қатысу мәселелері талқыланды.

Форумның жабылу салтанатында қатысушылар қолайлы салық ортасын құру мәселелерінде күштерді біріктіру трансшекаралық сауданы дамыту, инвестицияларды тарту, халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа көмектеседі, сондай-ақ үйлестірілген өңірлік дамыту және инклюзивті өсім үшін синергетикалық нәтижеге әкеледі.

Форумның үш күндік жұмысының нәтижесі қорытынды Коммюнике және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде ынтымақтасудың қажеттіліктері мен басымдылықтарына жауап беретін таяудағы екі жылға бірауыздан қабылданған Іс-әрекет жоспары болып табылады.

Салық әкімшілігі жүргізген жұмыстың аралық қорытындылары Қазақстан Республикасында өтетін «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде Салық әкімшіліктері ынтымақтастығының Екінші форумын өткізу барысында 2020 жылы қорытындылатын болады.

 

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)