Date of publication: 14.12.2018 22:24
Date of changing: 14.12.2018 22:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай:

«...«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.»,

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін Мемлекеттік кірістер комитетімен ұдайы негізде қоғаммен және БАҚ-пен өзара әрекет ету, жаппай түсіндіру жұмыстарын жақсарту, сондай-ақ кадрлық потенциалды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының арасында «Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» атты республикалық конкурс өткізілді. Шығармашылық сайысында 60-тан аса жұмыс қатысты. Жұмыстарды жетекші медиа-тұлғалар, тілшілер мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бағалады.

Ең қызығы, өз жұмыстарын баспасөз қызметтерінің қызметкерлері ғана емес, мемлекеттік кірістер органдарының түрлі салаларының қызметкерлері де жолдаған, бұл мемлекеттік органның имиджін қалыптастыруға жоғары ұмтылысын көрсетіп отыр.

Тәуелсіздік күніне орайластырылған марапаттау рәсіміне халықаралық журналист, тележүргізуші, танымал медиа тұлға, қоғамдық қайраткер Қанат Әуесбай қатысты.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды:

I-дәрежелі Дипломмен - Искаков Нұрлан Темірханұлы, Ақмола облысы бойынша МКД бас маманы;

II -дәрежелі Дипломмен

Ақмұратов Мақсат Ақмұратұлы, Маңғыстау облысы бойынша МКД «Теңіз порты» кеден бекетінің бас маманы;

Кенина Жанат Хайроллақызы, Павлодар облысы бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы;

Сартаева Айнұр Нұрлашқызы, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының бас сарапшысы;

II -дәрежелі Дипломмен

Алимбаев Ерсайын Сансызбайұлы, Маңғыстау облысы бойынша МКД «Темір-Баба» кеден бекетінің басшысы;

Хашиева Лидия Магомедовна, ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаменті Салықтық аудит басқармасы басшысының орынбасары;

Амралиева Айнұр Жұмабекқызы, Қостанай облысы бойынша МКД  Қостанай қаласы бойынша МКБ бас маманы марапатталды.

Ынта-жігері мен мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосқан үлесі үшін барлық қалған қатысушылар ҚР ҚМ МКК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды

Ең үздік новаторлық идеялар мен ұсыныстар алдағы уақытта мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында PR саясатты қалыптастыруда қолданылатын болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)