Question: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша келісім-шартқа қол қойылған болса, қаржыландыру туралы хабарлама ұсынылған, бірақ кезекті есептілікті тапсыру үшін нақты қаржыландыру заңнамада белгіленген мерзімде алынбаған. Бос есептілікті тапсыру қажет пе, қаржыландыру әлі түспегендігі және шығындар болмағандығын көрсету үшін?</em></p>
Answer: 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 бұйрықтарымен сәйкесті ақшаны және өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер мен хабарламалардың тәртібі, мерзімі және нысаны бекітілген.

Бұл ретте өзге де мүлікті және ақшаны жұмсағаны және алғаны туралы мәліметтер сол жұмсалған және алынған кезеңде ұсынылуы тиіс.