Question: 
<p><em>Дұрыс емес мәліметтер дегеніміз не?</em></p>
Answer: 

«Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы  № 554 бұйрығының 2-тарауының 15-тармағына сәйкес егер мыналар:

1) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе, немесе

2) «БСН (ЖСН)» (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілмесе немесе дұрыс жазылмаса, немесе

3) ақша және (немесе) басқа да мүлікті берген субъектінің аты көрсетілмесе немесе дұрыс жазылмаса, немесе

4) қағаз тасығышта жасалған мәліметтерге жеке не заңды тұлғалардың не (немесе) заңды тұлғалардың құрымдық бөлімшелерінің басшылары қол қоймаған, мөрмен куәландырмаған жағдайда (бар болғанда) мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылмаған болып табылады.