Question: 
<p class="rtejustify"><em>Компания ақша түскеннен кейін, 10 күн ішінде 017.00 нысанының хабарлмасын тапсыру керек. Осы нысанда сомалар келісімді жасаған күнге көрсетіледі, ал ақшалар тұрақты түрде ай сайын көрсетіліп отырады. Осындай жағдайда 017.00 нысанын қалай беру керек?</em></p>
Answer: 

017.00, 018.00 есеп нысанын толтыру кезінде 2016 жылғы 19 қазандағы №№553, 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қағидаларын басшылыққа алу қажет.Қағидаларға сәйкес 017.00 нысанының хабарламасын шет елдік көздерден алынуға жататын ақша (мүлік) бойынша жасалған келісім жасалған күннен кейін 10 күн ішінде тапсырылады. Нақты алынған ақшалар (мүліктер) бойынша тоқсан сайын мәліметтер 018.00 нысанында осы алынған ақшаның салық кезеңінде (тоқсан) толтырылады, сондай ақ басқа кезеңде (тоқсанда) жұмсалуы мүмкін. 018.00 нысанын беру алынған ақшаны (немесе) басқа да мүлікті толық жұмсап болған соң ғана тоқтатылады.