Question: 
<p class="rtejustify"><em>Шетелдік көздерден қаржыландыруды алған жағдайда қандай әрекеттер қабылдау қажет?</em></p>
Answer: 

Шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алушының қызметі төменде көрсетілген мақсатта жұмсалған жағдайда ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген мерзімдерде және нысан бойынша тәртіппен 017.00, 018.00 нысандар бойынша:

- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

- қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

- аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы есептілік бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету міндеттілігі туындайды.