Question: 
<p class="rtejustify"><em>Мемлекеттік кірістер органдары шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қабылдаудан қандай жағдайларда бас тартуы мүмкін (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Answer: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша:

-  мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;

- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

- ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген субъектінің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

- қағаз жеткізгіште жасалған мәліметтерге жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойылмаса, сондай-ақ мөрімен куәландырылмаса (бар болған жағдайда) мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілмеген болып саналады.

Көрсетілген жағдайда мемлекеттік кірістер органының қызметкері 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті қабылдаудан бас тартуы мүмкін.