Question: 
<p><em>Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті толтыру тәртібі қандай (017.00, 018.00 нысандар)?</em></p>
Answer: 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті жасау (толтыру) және ұсыну тәртібі белгіленген.

Қағаз тасығышта есептілікті толтыру кезінде бірінші кезекте осы тәртіпті басшылыққа алу қажет.

«Салық төлеушінің», «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде электрондық түрде есептілікті толтыру кезінде, 017.00, 018.00 нысандарының есептілігін жіберуге мүмкіндік бермейтін, толтыруда қате бар болған жағдайда, және міндетті жолдарды толтырмау туралы ескерту функциялары жүзеге асырылған. Яғни, ақпараттық жүйенің функционалы «Толтыруды тексеру» функциясын таңдау кезінде 017.00, 018.00 нысандарын толтырудың дұрыстығын тексеруді қарастырады - толтырылмаған міндетті жолдар түзетуге жататын Қателер хаттамасында көрсетіледі. Сондай-ақ, нысанның төменгі бөлігінде толтырылмаған жолдарды сипаттайтын, алдын-ала әр қатарға кеңес беріп, ескертетін мастер бар.

Сонымен қатар, «МКО жіберу» фукциясын таңдау кезінде, мемлекеттік кірістер органдарына нысандарды толтыру және жөнелту үшін, толтырылмаған қатарлар қызыл түспен бөлінеді. Қателерді толтыру болған жағдайда, жүйеде есептілікті мемлекеттік кірістер органдарына жөнелтуге мүмкіндік бермейтін бөгет жұмыс жасайды.