Date of publication: 26.02.2024 08:45
Date of changing: 26.02.2024 08:48

      2024 жылғы 20 - 22 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Цифрландыру департаментімен бірлесіп «Servise Desk порталында жұмыс істеу негіздері (беру/келісу процесі)» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

   Іс-шараның мақсаты – Service Management Automation X (SMAX) машиналық оқыту негізінде АТ-қызметтерін, қолдау қызметтерін, АТ-активтерін және корпоративтік қызметтерді басқаруды автоматтандыру.

    Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

    Семинар тыңдаушылары үшін ZOOM арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде: Адильбаева Жазира Адиловна – «Электрондық қаржы орталығы Акционерлік қоғам техникалық әкімшілендіру депаратментінің жоба менеджері сөз сөйледі.

    Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 256 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.