Question: 
<p class="rtejustify"><em>Тұлға ҚР салық заңнамасында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға ден қою керек па? Мысалы, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы мемлекеттік кіріс органдарын ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбаса.</em></p>
Answer: 

Ия, ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға міндетті.

ҚР Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚР салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге (салық агентіне) жолданады, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаннан кейінгі күнінен орындалуы тиіс.