Тұлға № 9 н. салық заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылғаннан кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілген бұзушылықтарды жою қажет (Салық кодексінің 608-бабы 2-тармағы).
Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда, ӘҚБтК 288-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл ретте көрсетілген құқық бұзушылықтар салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатады, тартудың ескіру мерзімі - заңды тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін 5 жыл, жеке тұлғалар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 1 жылды құрайды (ӘҚБтК 62-бабы 2 бөлігі).