Date of publication: 23.02.2022 21:42
Date of changing: 23.02.2022 21:37

2022 жылдың 23 ақпанында ҚР Президенті жанындағы  Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылау бойынша дөнгелек үстел өтті. Осы шараға жұмыс тобының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, БАҚ пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Дөнгелек үстел ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтін басшылығымен өтті.

Жұмыс тобының кезекті отырысына қаржы қатынастары саласындағы сарапшылар шақырылды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 қаңтарында құрылған жұмыс тобының құрамына   Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері енді.

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында  Заң жобасының Тұжырымдамасын заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мақұлдады.  

1 наурызда Ашық НҚА порталында Заң жобасының және оған қатысты заңнамалық актілердің қоғамдық талқылауы аяқталады. 

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқылануда. Себебі, бүгінгі таңда азаматтардың едәуір бөлігі материалдық жағдайының нашарлауына тап болып отыр. Себептері әртүрлі: жұмысынан айырлу немесе мүгедектік, коронавирустық инфекцияға қарсы жалпы экономикалық карантиндік шаралар.

Іс-шара барысында әзірлеушілер Заң жобасын әзірлеу кезінде ескерілетін ұсыныстарды тыңдады.