Question: 
<p><strong>Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру қандай салық төлеушіге қатысты жүргізіледі?</strong></p>
Answer: 

Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру:

Салық кодексінің 432-бабы 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті;

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.