Question: 
«қызыл», «сары», «көк» және «жасыл» дәліздерінің айырмашылығы неде?
Answer: 

«Астана-1» АЖ тауарларға арналған декларациялар тіркелгеннен кейін кедендік бақылау нысандарына байланысты келесі дәліздердің біріне жіберіледі:
«қызыл дәліз» физикалық бақылау жүргізуді белгілейді, яғни кедендік қарап тексеру/тексеру/сараптама жүргізуді білдіреді;
«сары дәліз» кедендік тазарту сатысында (тауарлар шығарылғанға дейін) құжаттық бақылау жүргізуді білдіреді;
«көк дәліз» құжаттық бақылауды тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізуді белгілейді, сондай-ақ тауарларды шығару жүйе арқылы автоматты түрде жүргізіледі;
«жасыл дәліз» қандай да бір кедендік бақылау нысандарын жүргізусіз автоматты түрде тауарларды шығаруды белгілейді.