Question: 
<pre><strong>Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктерді қандай санаттағы тұлғалардың қолдануға құқығы бар?</strong></pre>
Answer: 

Бір автомобиль (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркелген жеңіл автомобильден басқа) бойынша көлік құралдарына салынатын салық төлеуден босатылатын адамдарға мыналар жатады:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлері;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • Кеңес Одағының батырлары;
  • Социалистiк Еңбек ерлерi;
  • «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған  адамдар;
  • үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар;
  • «Батыр ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
  • «Алтын алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер.

Бұл жеңілдік:

құқық туындаған кезде – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;

құқық тоқтатылған кезде – осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды..