Date of publication: 23.10.2018 10:17
Date of changing: 23.10.2018 10:19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

«Шешендік өнер шеберлігі: сендіру ықпалының дағдысын дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

 

2018 жылғы 18-19 қазанда  ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Шешендік өнер шеберлігі: сендіру ықпалының дағдысын дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – көпшілік алдындағы тиімді сөйлеуді дайындау дағдысын, аудиторияға ықпал ету техникаларын және тәсілдерін меңгеру.

Тыңдаушылар ретінде семинарға ҚР ҚМ МКК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, басшылардың орынбасарлары, сондай-ақ  ҚР ҚМ МКК ОӘО қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Асылбекова Лейла Умурзаковна - психологиялық ғылымдар докторы, медициналық ғылымының кандидаты, ҚР ҚМ МКК басшылық құрамының жеке дамыту кеңесшісі, «Халықаралық құзыреттілік академиясы» ЖШС директоры, Executive MBA KIMEP University бағдарламасының профессоры, Executive MBA Geneva Business School профессоры қатысты.

Қатысушылар көпшілік алдындағы сөйлеу дәрісімен және техникасымен, көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін эмоционалдық интеллект ұғымымен және сипаттамасымен, сенімді мінез-құлық мотивациясымен, сәтті шешеннің қасиеттерімен, ауызша және ауызша емес тілдесу құрамдарымен, тиімді сөйлеу модельдерімен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)