Date of publication: 18.09.2018 18:25
Date of changing: 18.09.2018 18:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

Баспасөз релизі

 

Квазимемлекеттік және бюджет саласында бюджет қаражатын жымқыру – аляқтық па әлде салғырттық па? Келтірілген залал қандай?

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметімен (әрі қарай - Комитет) тұрақты түрде квазимемлекеттік секторында және мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыруды ашу мен ескерту туралы іс-шаралар жүргізіледі.  

Мәселен, 2018 жылдың 8 айында Комитет бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша 597 қылмыстық іс аяқталған. 

Қолданыстағы Қазақстан Республикалысының Қылмыстық кодексі бойынша, кінәлі тұлғаның иемденген бөтеннің мүлігін жарату құқығы пайда болған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі, яғни өзіне немесе өзгелердің пайдасына жарату.  Бұл сәтке дейін қылмысқа оқталу болып табылады.

Мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру әр түрлі формада жүзеге асырылады: сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК-нің 189-бабы), алаяқтық (ҚР ҚК-нің 190-бабы), несиені заңсыз алу немесе бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК-нің 219-бабы).

Бұл ретте, бюджет қаражатын жымқыруды негізгі 3 санатқа бөлуге  болады:

  1. инвестиция жобаларын іске асыру барысында;
  2. несие беру барысында;
  3. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында.

Тәжірибеде көрсеткендей, мемлкеттік бюджет қаражатын жымқырудың ең көп таралған түрі:

  • жоба бағасының елеулі түрде көбейтіп көрсету;
  • атқарылмаған жұмыстарды алыс-беріс актілеріне қосу;
  • тиімді ставкалармен несиелер беру;
  • жалған құжаттар мен есептілік дайындау арқылы субсидия және несие саласындағы алаяқтықтар;
  • бірқатар жалған кәсіпкерлер арқылы алдын ала сөз байласу арқылы тауарларды сатып алу мен қызметтер көрсету;
  • сатып алудың жеңімпазы ретінде алдын ала белгіленген жеке және заңды тұлғалардың танылуы болып табылады.  

Мемлекеттік бюджет қаражатын жымқырудың қозғаушы күші болып,  заңсыз экономика бағытындағы көбіне тән сыбайлас жемқорлық құрайды. Бұндай жымқырулар, заңды шаруашылық операциялар барысында жасалуын түсіндіруге болады. Өз кезегінде, бұндай операцияларды жүзеге асыруға  немесе жүзеге асыруға құқық беретін арнайы уәкілеттері бар лауазымды тұлғалар болып табылады.  

Сонымен қатар, бюджет қаражатын жымқыруға септігін тигізетін факторлар бар. Яғни, бухгалтерлік есеп-қисаптың тиісті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік органдарды тиісті мамандардың болмауы және т.б.

Мысал ретінде, Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының 28.05.2018 жылғы, жеке кәсіпкер Е.Ашықбаевқа, «Республикалық ветеринария лабараториясы» РМК  (әрі қарай - РМК)  қызметкері Е.К.Есенкуловқа, ҚР азаматтары С.Нуралиев пен Т.Янсыбаеваға қатысты 138 млн.теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алу барысындағы алаяқтық бойынша, РМК-ның бас есепшісі О.Е.Прашина-Здоровецке қатысты салғырттық бойынша күшіне енген сот үкімі.      

Мемлекеттік сатып алудың келісім-шарты бойынша жеке кәсіпкер Е.Ашықбаев РМК-ға 582 дана компьютер жеткізу керек болған. Алайда, келісім-шарт бойынша, ақша қаражаттары толығымен аударылған соң, 25 дана компьютер жеткізілмей, 150 дана компьютердің жүйелік блоктары болмай, 19 дана компьютер жұмысқа жарамсыз күйінде және 36-дана компьютер толық емес жеткізіліп, мемлекеттік бюджетке, яғни РМК-ға барлығы 59 726 844,89 теңге залал келтірген.

Мемлекеттік сатып алуда бюджет қаражатын жымқыруға РМК-ның компьютерлерді қабылдауға жауапты тұлғасы Е.Есенкулов РМК-ның пен бас есепші О.Прашина-Здоровец өз септіктерін тигізен.

Е.Ашықбаев , С.Нұралиев , Т.Янсыбаев және Е.Есенкуловқа, жалпы алғанда әр түрлі бас бостандығын айыру жазалары тағайындалған.   

Осыған орай, қалмыстың алдын алуда еліміздің әрбір азаматтарының сана-сезімдері ерекше рөл атқарады. Еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалған  әрбір азаматтың салық түрінде төлеп жатқан қаржылары, бюджет қаржысын жымқыру фактілерінің қандайда бір формасын қабылдамауды қалыптастыру болып табылады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)