Date of publication: 13.09.2018 18:00
Date of changing: 13.09.2018 18:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қаласы                                       2018 жылғы 13 қыркүйек

Баспасөз релизі

Бүгін,  2018 жылдың 13 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде "Тұрғын үйді заңсыз жалға беру" тақырыбына брифинг болып өтті.

Спикерлері болып ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық мониторинг басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Амерханов Ербол Аскарбекұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Искакова Куляш Кенжебеқызы сөз сөйледі.

Салық төлеушілердің арасында неғұрлым өзекті сұрақтардың бірі - мүлікті жалға бергенде салықтық міндеттемелерді орындау болып табылады.

Брифингте жылжымайтын мүлікті жалға беруге жеке кәсіпкелерлер де, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар да құқылы екендігін спикерлер атап өтті.

Сонымен бірге, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабына сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге мынадай шарттардың біріне сай келетін  жеке тұлғалар жатады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады;

2) жеке кәсіпкерліктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының  1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен  жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.

Сонымен қоса, мүлікті жалға беруден (мүліктік табыс) түскен табыстар бойынша жеке тұлға өзі күнтізбелік жыл  нәтижесі  бойынша  орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей 240.00 нысан бойынша салық декларациясын табыс етеді және декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 кұнтізбелік күнінен кешіктірмей  алған табыс сомасынан 10 % ставкасымен жеке табыс салығын төлеуге  міндетті.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  электронды түрде, немесе қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібінде дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы жайлы хабарламаны ұсыну қажет.

Осы қызмет түрі үшін ең қолайлы режим патент негізіндегі арнаулы салық режимі болып табылады, себебі салық ставкасы 1 % құрайды. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін  келесі шарттарға  сай болу керек - жалдамалы еңбекті пайдаланбау және күнтізбелік жыл бойынша түпкілікті  кіріс 300-еселенген ең төменгі жалақыдан аспау қажет (2018 жылы 8 485 200 теңге).

Бүгінгі таңда Комитетпен  Ішкі істер департаментімен және ПИК-пен  бірлесіп, адал емес жалға берушілерді анықтау бойынша бірлескен шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Осылай, 2017 жылы 9 мыңға жуық жалға берушілер ДК ретінде тіркелді, ал ағымдағы жылдың 6 айы бойынша  - 7 мың.

Алайда, Ішкі істер департаменті және ПИК-пен  бірлескен шараларына қарамастан, жалдау нарығының үлкен бөлігі әлі көлеңкелі бизнесте.

Осы себеппен, спикерлер  "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сай, салық есептілігін уақытында тапсырмағаны үшін және жеке кәсіпкерлікпен тіркеусіз айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені жайлы аудиториянының назарына жеткізді.

Сонымен бірге, егер де сіз белгіленген мерзімде салық есептілігін тапсырмасаңыз, сізге бірінші рет "ескерту" түрінде  өндіріп алу шарасы қолданылады, құқықты қайта бұзғанда әкімшілік айыппұл 36 075 теңгені
( 15 АЕК) құрайды.

Ал жеке кәсіпкерлікпен тіркеусіз айналысу кезінде осындай тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік бойынша шешімді сот органдары қабылдайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)