Date of publication: 05.01.2015 18:42
Date of changing: 14.01.2015 09:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сіз "Онлайн СЭҚ ТН" электрондық іздестіру жүйесін пайдалана алатыныңызды хабарлайды. Қолайлы интерфейс Сізге тауарды дұрыс жіктеуге ғана емес, сондай-ақ тауарлардың анықталған түрлеріне таратылатын тарифті және тарифсіз реттеудің, тыйым салулар мен шектеулердің, шараларына қатысты нақты және толық ақпаратты алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Онлайн СЭҚТН" жүйесінде тауарлардың жіктелімі бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімі орналастырылған. Іздестіру жүйесімен жұмыс жасау үшін Сізге https://kgd.gov.kz/tnved/ сілтемесі бойынша жүру қажет.