Date of publication: 30.12.2014 13:12
Date of changing: 14.01.2015 09:52

 

Қымбатты отандастар!

 

Баршаңызды шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл - бұл ең жылы отбасылық мереке!

Сіздерге және Сіздердің шаңырақтарыңызға жақсылық, мығым денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, бақыт, махаббат және, әрине еңбекте жемісті болуларыңызды, жаңа жетістіктерге жетіп, бейбіт өмірдің арқасында Отанымыздың өркендей беруін тілеймін.

Әрдайым армандарыңыз орындалып, ал Жаңа жылдың әр күні жақсы жайттарға, жағымды жаңалықтарға, қуаныш сыйлайтын күтпеген қызықтарға толы болсын!!!

2015 жыл баршаңыздың үміттеріңізді ақтасын, армандарыңызды орындап, сәттілікке жар болсын, әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! 

 

 

Құрметпен,                                                                                                 Д. Ерғожин

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Төрағасы