Date of publication: 25.12.2014 14:36
Date of changing: 14.01.2015 09:52

 

Уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту перспективасы

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру» тақырыбында уәкілетті экономикалық операторларымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту артықшылықтарын айқындау және осы секторды кәсібилендіру болып табылады.

Негіздемелік стандарттарға сәйкес УЭО – бұл қызметін кеден әкімшілігі тауарлар жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларына сәйкес келеді деп мақұлдаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы.

УЭО практикасын пайдаланудың негізгі мақсаттары кеден органдары мен бизнес қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты дамыту, кеден рәсімдерін оңайлату және жеделдету, әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында УЭО мәртебесінде 61 заңды тұлға әрекет етеді.

Кездесуде проблемалы мәселелер және кеден заңнамасын бұзушылықтың, контрабанда алып өтудің және сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелі әлі де сақталған шекара учаскелері талқыланды.

Қазіргі кезде Комитет УЭО-мен жұмыста УЭО кәсіби нарығын ұйымдастыруға және мәртебесі мен қызметін халықаралық нормаларға сәйкес келтіруге баса назар аударды.

Осы мақсатта Комитет мәртебе алу кезінде УЭО қатысты талаптарды күшейту және тиісінше осындай мәртебесі барлар үшін оңайлатулар тізбесін көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.

УЭО мәртебесін беру белгілі бір артықшылықтарды алуды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге одан жауаптылықты, ұқыптылықты, өзін өзі бақылауды талап етеді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұны қамтамасыз етуге рұқсат беру үшін қатал талаптар, сондай-ақ тексеру кезінде ғана бұзушылықтары жоқ екенін емес, оның жұмысының (бухгалтерлік, кадрлық, ақпараттық саясат және қауіпсіздік саясаты) бүкіл жүйесі одан әрі әдейі және қасақана заң бұзушылық тәуекелдерін жоюға бағытталған деп түйін жасауға мүмкіндік беретін әлеуетті УЭО қызметін кешенді бағалау есебінен қол жеткізіледі.

Өз кезегінде УЭО алудың қатал шарттары кеден органдарымен әріптестік өзара қатынас орнатуға СЭҚ қатысушыларын қызықтыру үшін шынайы оңайлатулармен ілесе жүруге тиіс. Ең алдымен, бұл кеден операцияларын жасаудың жеделдеуіне және кедендік бақылаудың азаюына ықпал етуге тиіс, өйткені аталған факторлар тікелей СЭҚ қатысушылардың шығындарын және олардың бәсекеге қабілеттілігін қозғайды.

Қазіргі уақытта Парламентте «ҚР кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулермен заң жобасы мақұлданды, оларға сәйкес УЭО институтына қойылатын талаптар Киота конвенциясының нормаларына және Әлемдік сауданың қауіпсіздігінің және оны жеңілдетудің негіздемелік стандарттарына сәйкес келтірілетін болады.

 

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі