Date of publication: 11.04.2024 18:36
Date of changing: 11.04.2024 18:38

       Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен өткен 2023 жылы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында есірткі заттары мен аса ірі көлемдегі темекіні заңсыз өткізудің бірнеше фактісінің жолы кесілді. Барлық аталған заң бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  

      Есірткі заттарын өткізудің жолы кесілді

      2023 жылы Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысының «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша ЭТД-мен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, «Ақтау-Кутаиси» және «Тбилиси-Ақтау» бағыттарындағы авиарейстерде есірткі заттарын тасымалдаудың 3 фактісін анықтады. Грузия мен Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды. Анықталған: гашиш – 7,16 г, марихуана – 3 г.. Сот шешімімен бұл азаматтар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

       Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан «Тәжен» автокөлік өткелінде Маңғыстау облысының «Тәжен» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ шекара нарядтарымен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, жолаушылар мен жүк ағынын тексеру барысында есірткі заттарын тасымалдаудың 7 фактісінің жолын кесті, соның ішінде 2023 жылы - 4 факт, 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында -  3 факт. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары ұсталды. Жалпы салмағы 43,7 грамм құрайтын өзіндік иісі бар өсімдік тектес заттар анықталды. Тергеу бойынша материалдар полиция органдарына берілді.

       Жарықдиодты шамдардың орнына темекі

      2023 жылғы қаңтар айында Ақтау халықаралық теңіз портында «Теңіз порты» кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша ЭТД-мен бірлесіп, Иран Ислам Республикасынан Алматыға жіберілген контейнерді тоқтатты. Тексеру үшін инспекциялық-тексеру кешені (рентген сканері) қолданылған соң контейнер ашылды. Ішінде қызметкерлер құжаттарға сәйкес мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап мөлшерінде декларацияланбаған тауар – темекі тапты. Егер темекі өнімдерінің осы мөлшерін тасымалдау заңды болса, онда кедендік төлемдер 300 млн теңгеден асар еді.

      Маңғыстау облысы бойынша ЭТД ҚР ҚК 234-бабы бойынша аса ірі мөлшердегі «Экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс қозғалды.